Otpan News Logo

Қарақиялық мұнайшылар өз таңдауын жасауда

|
23.08.2026 08:45
Қарақиялық мұнайшылар өз таңдауын жасауда

Бүгін Қарақия ауданында еңбек адамдары саяси науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауларын жасады. Аудан аумағындағы мұнай-газ саласында еңбек ететін жұмысшылар үшін арнайы жағдайлар жасалып, олар учаскеге келіп дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.


Өңір экономикасының негізгі тіректерінің бірі саналатын мұнай саласында қызмет ететін жұмысшылар таңғы уақыттан бастап өз учаскелерінде дауыс беріп, ел өміріндегі маңызды науқаннан тыс қалмайтынын көрсетті.


Мұнайшылардың айтуынша, ел болашағына бейжай қарамай, маңызды қоғамдық-саяси науқандарға қатысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан олар өндірістегі қарбаласқа қарамастан дауыс беруге уақыт тауып, өз таңдауларын жасауда.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!