Otpan News Logo

Жаңаөзендік волонтер Құрылтай сайлауында алғаш рет дауыс берді

|
23.08.2026 07:18
Жаңаөзендік волонтер Құрылтай сайлауында алғаш рет дауыс берді

Жаңаөзен қаласының тұрғыны, жас волонтерлер қозғалысының белсенді қатысушысы Райымбек Ноғайбаев Құрылтай депутаттарын сайлауда алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасады.


Райымбек қаладағы №74 сайлау учаскесіне барып, азаматтық ұстанымын білдірді. Ол үшін бұл күн – ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосқан ерекше сәт.


«Алғаш рет дауыс беру мен үшін ерекше сезім. Бұған дейін сайлау туралы көп еститінмін, ал бүгін өзім дауыс беріп, азаматтық таңдауымды жасадым. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік. Меніңше, жастар қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамауы керек. Елдің болашағы туралы сөз болғанда, өз пікіріңді білдіру – азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі. Сондықтан бүгін сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру мен үшін маңызды болды», – деді Райымбек Ноғайбаев.
47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!