Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Маңғыстаулық блогер әрі қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев Құрылтай сайлауына қатысты. Ол сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Әлеуметтік желілердегі парақшаларын 70 мыңға жуық қолданушы бақылайтын Азамат Сәрсенбаев тұрғындардың сайлауға қатысуының маңыздылығын айтты.
«Мені әлеуметтік желі арқылы қарайтын азаматтар, әсіресе. Маңғыстау облысының тұрғындары жиі қарайтындықтан қоғам белсендісі ретінде дауыс беру – борышым. Сондықтан таңертеңнен бастап сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасадым», - деді блогер.
Оның айтуынша, сайлауға қатысу – азаматтық белсенділіктің маңызды бөлігі. Азамат әр адамның дауысы қандай таңдау жасағанына қарамастан маңызды екенін айтты.
«Адамның физикалық түрде осындай сайлауға қатысуы, оның дауысы комментарийлерде немесе әлеуметтік желілерде өз пікірін жазып қоюдан он есе маңызды деп есептеймін», - деп атап өтті Азамат Сәрсенбаев.
Блогер азаматтарды өздерінің сайлау құқығын пайдалануға және қоғамдық-саяси процестерге жеке қатысуға шақырды.
«Ең бастысы – сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауыңды жасау және мемлекетке өз сайлау құқығын пайдаланатын азаматтардың бар екенін көрсету. Қандай таңдау жасалса да, мемлекет әрбір азаматтың пікірін ескеруі тиіс деп санаймын», - деді ол.
76
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев