Otpan News Logo

Бекзад Нұрдәулетов: Ел болашағына қатысты жауапкершілікті сезіну – әр азаматтың міндеті

|
23.08.2026 07:52
Бекзад Нұрдәулетов: Ел болашағына қатысты жауапкершілікті сезіну – әр азаматтың міндеті

Ақтау қаласындағы №267 сайлау учаскесінде бокстан әлем чемпионы, былғары қолғап шебері Бекзад Нұрдәулетов Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, маңызды таңдау жасады.


Танымал спортшы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаға қатысу барлық азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.


- Бүгін ел болашағы үшін аса маңызды оқиғаға қатысты өз ұстанымымды білдірдім. Құрылтай – еліміздің алдағы даму бағыт-бағдарын айқындайтын бірегей саяси құрылым деп есептеймін. Сондықтан әр азаматтың жеке көзқарасын білдіруі өте маңызды деп ойлаймын, - деді Бекзад Нұрдәулетов.
50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!