Маңғыстаулық велосаяхатшы Раббим Борашев Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады
Әлемді велосипедпен аралап жүрген жиһанкез Раббим Борашев сайлау учаскесіне отбасымен келді. Ол елдің даму бағдарын айқындауда әр азаматтың дауысы мен таңдауы маңызды екенін атап өтті.
Велосаяхатшының айтуынша, Қазақстанның түкпір-түкпірін аралау барысында халықтың бірлігі мен қоғамның ортақ мақсат пен жарқын болашаққа ұмтылысына ерекше көз жеткізген.
- Елдің болашағы – әр азаматтың қолында. Мен үшін туған елдің қоғамдық-саяси өміріне араласу, өз таңдауымды жасау – азаматтық парыз. Қай жерде жүрсем де, Қазақстанның жетістігіне қуанып, елдің жарқын болашағына өз үлесімді қосқым келеді, – деді Раббим Борашев.
Раббим Борашев – Маңғыстау өңіріне кеңінен танылған велосаяхатшы. 2024 жылы ол Ақтаудан Парижге дейін 5 000 шақырымнан астам жолды велосипедпен жүріп өтіп, жеті мемлекет аумағын кесіп өтті. Бұл сапардың басты мақсаты – Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасына жанкүйерлік қолдау көрсету болды.
46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев