Otpan News Logo

Ақтауда сайлау учаскелері жұмысын бастады

|
23.08.2026 07:02
Ақтауда сайлау учаскелері жұмысын бастады

Ақтауда таңғы сағат 7:00-де 276 сайлау учаскесі жұмысын бастады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Қаладағы №28 сайлау учаскесінде 1659 сайлаушы тіркелген. Олардың ішінде 19 адам – кәмелет жасына енді толғандар. Сондай-ақ тағы 9 тұрғын дәл сайлау күні, яғни 23 тамызда 18 жасқа толады.


«19 бен 35 жас аралығындағы сайлаушылар — 573, ал 80 жастан асқан 30 адам бар. Сондай-ақ 3 сайлаушы үйден дауыс беру ниетін білдірді»,- деді №28 сайлау учаскесінің сайлау комиссиясының төрайымы Зарифа Қазиева. 

Айта кетейік, сайлау учаскелері кешкі 20:00 дейін жұмыс істейді.

68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!