Otpan News Logo

Жаңа Конституция медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді

|
14.10.2026 17:22
Жаңа Конституция медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді

Жаңа Конституцияда азаматтардың денсаулығын сақтауға және заңда белгіленген көлемде тегін медициналық көмек алуға құқығы бекітілген.


Жаңа Конституциямызда: «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 14-бабы адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамайтындығы және кепілдендірілгендігі қағидатын бекітеді. Аталған ережелер мемлекеттің барлық азаматтар үшін олардың әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін сақтайтынын білдіреді. Бұл ретте, «азаматтар төлемейтін медициналық көмек» деген тұжырым өзінің құқықтық мазмұны бойынша медициналық көмектің ақылы түрін енгізуді білдірмейді, керісінше пациентке қаржылық жүктеме жүктемей, оны қаржыландыру көздерінің өзгеруін көздейді», - деп жазылған.


Осы орайда, балалардың профилактикалық тексеруден уақытылы өтуі, екпе алуы және аурулардың алдын алу – салауатты ұрпақ қалыптастырудың маңызды шарттары екенін атап өткім келеді. Балалардың денсаулығын сақтау және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету – денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыттардың бірі.


Лариса Елубаева,

Ақтау қаласындағы «Ясин»

медициналық орталығының дәрігер-педиатры

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!