Otpan News Logo

Қазақстан балуандары әлем чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізді

|
14.10.2026 10:14
Қазақстан балуандары әлем чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізді

OTPANNEWS.KZ. - Күрес түрлерінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қос бірдей алтын медаль иеленді.

 

Спортты дамыту дирекциясының дерегінше, 60 келіде сынға түскен Айбек Айтбеков финалда дәл осы санат бойынша фаворит саналған әрі әлем чемпионы Елмир Алиевті (Әзірбайжан) 13:4 есебімен жеңіп, жаһандық додадағы алғашқы алтынды алып берді. Бұған дейін отандасымыз мамыр айында U23 санатында Азия чемпионы атағын да иеленген еді.


72 келіде күрескен Юсуф Ашрапов та финалда Армения балуаны Гаспар Тертерянмен белдесіп, 4:3 есебімен камбэк жасап кетті.


Бір ерекшелігі Армения өкілі бұған дейін U17 және U20 санатындағы жаһандық додада отандасымыздан басым түсіп, топ жарған еді.


Одан бөлек, 87 келідегі Темірлан Тұрдақын да алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Жерлесіміз ақтық сында ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері саналатын Ясин Әли Яздимен (Иран) өзара мықтыны анықтайды.


Ал 130 келідегі Джохар Узаров қола жүлде үшін күреседі.


Айта кетейік, 2017 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан U23 санатындағы әлем чемпионатында бұған дейін грек-рим күресінен 2023 жылы Сұлтан Әсетұлы ғана топ жарған болатын.

 

64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!