Ақтаудың екі тұрғынынан 200 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді
OTPANNEWS.KZ. – Ақтаудың 32-шағынауданында синтетикалық есірткіні жасырып, таратты деген күдікпен екі ер адам ұсталды.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, күдіктілерді жеке тінту және уақытша тұратын мекенжайларын тексеру кезінде синтетикалық зат салынған көптеген орама, электронды таразылар мен қаптама материалдары табылған. Сондай-ақ іске қатысты өзге де заттар тәркіленген.
Қаланың бірнеше шағынауданында жүргізілген тексеру кезінде полицейлер есірткі жасырылған орындарды да анықтады. Нәтижесінде жалпы салмағы шамамен 200 грамм болатын синтетикалық есірткі салынған 41 орама тәркіленді.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, істің мән-жайын анықталып жатыр.