Otpan News Logo

Ақтау порты контейнер тасымалы бойынша жаңа рекорд орнатты

Ақтау порты контейнер тасымалы бойынша жаңа рекорд орнатты

OTPANNEWS.KZ - 2026 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша Ақтау порты арқылы 10 186 TEU көлемінде контейнер тасымалданды. Бұл 2025 жылдың қыркүйегіндегі көрсеткіштен 80 пайызға жоғары. 


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл - порт тарихындағы жаңа рекорд.


Мұндай оң динамикаға Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк ағынының ұлғаюы, бағыт бойындағы контейнерлік инфрақұрылымның дамуы, сондай-ақ теміржол және порт нысандарының жүк өңдеу мүмкіндіктерінің кеңеюі ықпал етуде.


Каспий бағыты бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді. Контейнер өңдеу көлемінің айтарлықтай артуы отандық теңіз портының бірнеше есе өскен жүктемені тиімді игеріп отырғанын дәлелдейді. Осылайша, Ақтау порты жергілікті көлік торабынан құрлықаралық тасымалдың маңызды қақпасына айналып, халықаралық логистика жүйесіндегі рөлін нығайта түсуде.

70
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!