Маңғыстаулық студенттер республикалық «Үздік 100 студент» конкурсының жеңімпазы атанды
«Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының 7 студенті жеңімпаздар қатарына енді, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.
Конкурс колледж студенттерінің кәсіби білімін, тәжірибелік дағдыларын, жеке жетістіктері мен белсенділігін бағалауға бағытталған.
Маңғыстау облысынан республикалық кезеңнің жеңімпаздары атанған студенттер:
- Қайрақбай Сұлтанбек – Маңғыстау туризм колледжінің 4-курс студенті (жетекшісі – Иманғалиева Ұлпан);
- Ерболатқызы Мәдина – Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 3-курс студенті (жетекшісі – Берішбаева Жанар);
- Ермек Ақбота – «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің 4-курс студенті (жетекшісі – Хайруллаева Алия);
- Қуатбаева Айсара – Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 4-курс студенті (жетекшісі – Калиева Салтанат);
- Атапкелұлы Алмат – Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің 4-курс студенті (жетекшісі – Қазиева Майра);
- Жарбосын Жантілек – Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 4-курс студенті (жетекшісі – Макарова Венера);
- Қасанов Сұлтан – Қарақия кәсіптік колледжінің 3-курс студенті (жетекшісі – Жөнелбек Жангүл).