Otpan News Logo

Ұлмекен Жарасбаева: «Жастар – ертеңнің ғана емес, бүгіннің де дауысы»

|
27.07.2026 14:33
Ұлмекен Жарасбаева: «Жастар – ертеңнің ғана емес, бүгіннің де дауысы»

Маңғыстаулық жас көшбасшы Ұлмекен Жарасбаева 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы азаматтардың саналы таңдауын талап ететін маңызды қоғамдық-саяси үдеріс екенін атап өтті.


– Жас көшбасшы ретінде мен үшін қоғамдағы маңызды үдерістерден хабардар болу – қалыпты нәрсе. Себебі белсенділік тек идея ұсынумен шектелмейді. Ол ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамай, ақпаратпен танысып, саналы шешім қабылдай білуден де көрінеді. 


23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – әр азаматтың өз ұстанымын білдіріп, елдің болашағына қатысты таңдау жасайтын маңызды күн. Сондықтан әрқайсымыз сайлау туралы ақпаратпен танысып, өз таңдауымызды жеке ұстанымымыз бен азаматтық көзқарасымызға сүйене отырып жасағанымыз жөн. Бұл – азаматтық жауапкершіліктің ғана емес, қоғамдағы ортақ саяси мәдениеттің де көрінісі. Жастардың белсенділігі мен саналы таңдауы ел болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, – деді Ұлмекен Жарасбаева.

66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!