Otpan News Logo

Маңғыстауда есірткі сақтады деген күдікпен үш адам ұсталды

Маңғыстауда есірткі сақтады деген күдікпен үш адам ұсталды

Маңғыстау облысында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен үш тұрғын ұсталды. Олардан марихуана мен 2 миллион теңгеден астам ақша тәркіленген, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел бөлімшелер және Ақтау қаласы патрульдік полициясымен бірлесіп, Mercedes-Benz E200 автокөлігін тоқтатқан.


Көлікті тінту кезінде өсімдік тектес жасыл түсті, марихуана салынған екі полимерлі орама және 2 035 000 теңге көлеміндегі ақша тәркіленді.


Оқиғаға байланысты Маңғыстау облысының үш тұрғыны ұсталып, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, олардың барлығы марихуана қолданғаны анықталған.


Сот шешімімен күдіктілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды. Ал олардың мінген Mercedes-Benz E200 автокөлігі айып тұрағына қойылды.


Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!