Otpan News Logo

Ақтаудағы ЖЭО-2 нысаны ерекше бақылауға алынды

|
27.07.2026 11:11
Ақтаудағы ЖЭО-2 нысаны ерекше бақылауға алынды
Lada.kz

Ақтаудағы №2 жылу электр орталығы (ЖЭО-2) нысаны ерекше бақылауға алынды. Бұл туралы ҚР Үкіметі хабарлады, деп жазады otpannews.kz.


- Қол жеткізілген нәтижелерді одан әрі нығайту мақсатында келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары үзіліссіз жалғасып жатыр. Қаржыландыру көлемі қайтадан ұлғайтылды – биыл тек электр стансаларын жөндеуге нысан иелері 384 млрд теңге бөлуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. Бұл қаражат электр энергиясының тарифі есебінен қалыптасады. Әрбір станса жөндеу жұмыстарын бірінші кезекте жүргізуді қажет ететін ең тозған учаскелерді өз бетінше айқындайды, - деп атап өтті Үкімет.


Қазіргі уақытта ерекше бақылауда тәуекелдің «қызыл» аймағында тұрған 5 жылу энергетикалық нысан бар: Семей, Орал, Тараз қалаларындағы ЖЭО, Ақтау қаласындағы ЖЭО-2 және Теміртаудағы ГРЭС-1. Жыл қорытындысы бойынша электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!