Otpan News Logo

Любовь Нам: Еліміздің ертеңі - бүгінгі біздің таңдауымызға байланысты

|
23.07.2026 17:27
Любовь Нам: Еліміздің ертеңі - бүгінгі біздің таңдауымызға байланысты

«Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Любовь Нам азаматтарды 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауының ел болашағы үшін маңызын атап өтті.


Оның айтуынша, Қазақстанның тұрақты дамуы, қоғамдағы бейбітшілік пен бірлік, жастардың жарқын болашағы әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымына тікелей байланысты.

- Біз Қазақстанның жарқын болашағын қалаймыз. Балаларымыздың бейбіт әрі дамыған елде өмір сүргенін, жастарымыздың өз мақсаттарына жетіп, әрбір азаматтың ертеңгі күніне сеніммен қарағанын қалаймыз. Мұндай болашақ өздігінен қалыптаспайды. Ол әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады. Бұл - еліміздің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымызды жасауға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сондықтан баршаңызды белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарыңызды білдіруге, саналы таңдау жасап, дауыс беруге шақырамын. Өйткені еліміздің ертеңі - бүгінгі біздің таңдауымызға байланысты, - деді Любовь Нам.
241
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!