Otpan News Logo

Айбек Сайлаубаев: «Әрбір саналы таңдау – ел болашағының кепілі»

|
26.07.2026 13:01
Айбек Сайлаубаев: «Әрбір саналы таңдау – ел болашағының кепілі»

Самбо күресінен спорт шебері, Азия чемпионатының қола жүлдегері Айбек Сайлаубаев алдағы саяси науқанның елдің ертеңі мен даму бағдарын айқындаудағы маңызын атап өтті.


– Еліміздің болашағы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Сондықтан қоғам өміріндегі маңызды бастамалар мен шешімдерден қалыс қалмау маңызды. 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттары сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасаймын. Себебі әрбір саналы таңдау – еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруға қосқан үлес. Елдің ертеңі – өз қолымызда,– деді Айбек Сайлаубаев.
21
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!