Otpan News Logo

Абзал Қабдраш: «Азаматтық белсенділік – ел болашағына қосылған үлес»

|
26.07.2026 14:14
Абзал Қабдраш: «Азаматтық белсенділік – ел болашағына қосылған үлес»

Маңғыстау облысы 109 бірыңғай байланыс орталығының басшысы Абзал Қабдраш алдағы Құрылтай депутаттары сайлауының маңызына тоқталып, тұрғындарды дауыс беруге және сайлау туралы қажетті ақпаратты алдын ала нақтылап алуға шақырды.


– Құрметті маңғыстаулықтар! 23 тамызда еліміз үшін маңызды саяси науқан – Құрылтай сайлауы өтеді. Бұл – әрбір азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына үлес қосатын жауапты сәт. Егер қай сайлау учаскесінде дауыс беретініңізді білгіңіз келсе, 109 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, қажетті ақпаратты ала аласыз. Орталық мамандары тәулік бойы анықтамалық және ақпараттық көмек көрсетуге дайын, – деді Абзал Қабдраш.
40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!