Otpan News Logo

Ақтауда автокөлік өртенді

|
26.07.2026 18:34
Ақтауда автокөлік өртенді

Бүгін Ақтау қаласының 29 шағынауданындағы №28 үйдің жанындағы тұрған ВАЗ LADA 2114 автокөлігі толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндірді. Автокөлікке 42 литрлік газ баллоны орнатылғаны анықталды. Сонымен қатар көлік салонынан тағы бір 4 литрлік газ баллоны шығарылды.


Өрт салдарынан жоғары температураның әсерінен жақын маңда тұрған екі автокөлік зақымданды: Toyota Camry-дің сол жақ бөлігі, ал ЗАЗ Chance-тің оң жақ бөлігі еріп кетті.


Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.


Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын мөлшерін анықтап жатыр.

40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!