Otpan News Logo

Бекзат Қадірбай: «Еліміздің ертеңі – әр азаматтың таңдауында»

|
25.07.2026 14:37
Бекзат Қадірбай: «Еліміздің ертеңі – әр азаматтың таңдауында»

Yessenov University құқық және халықаралық қатынастар факультетінің студенттік деканы Бекзат Қадірбай 23 тамыз - Құрылтай сайлауының ел болашағы үшін маңызына тоқталып, Қазақстандықтарды азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.


– 23 тамыз күні Қазақстанның бір палаталы парламенті – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – мемлекетіміздің алдағы бес жылдық даму бағытын айқындайтын маңызды саяси науқан. Осындай тарихи сәтте әрбір азамат Конституциямен берілген құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасауы тиіс. Өйткені дәл осы сайлауда халықтың мүддесін қорғайтын, еліміздің дамуына ықпал ететін депутаттар сайланады. Сондықтан баршаңызды сайлауға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарыңызды танытып, дауыс беруге шақырамын. Бірлігіміз бекем, еліміздің болашағы жарқын болсын, – деді Бекзат Қадірбай.
300
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!