«Shubat Fest» жеңімпазына байқауда жеңіп алған көлігі табысталды
Ақтау қаласында өткен республикалық «SHUBAT FEST-2026» гастрофестивалінің жеңімпазы «Бірлік» шаруа қожалығының өкілдеріне GWM Poer автокөлігі табысталды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Финалға өткен үздік 20 шұбат өндіруші арасынан топ жарған «Бірлік» шаруа қожалығы «Ең үздік кофе» және «Ең үздік десерт» номинациялары бойынша да жеңімпаз атанған еді.
Айта кетейік, фестиваль барысында қала тұрғындары мен қонақтар финалистердің өнімдеріне дегустация жасап, жалпыхалықтық дауыс берді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Ең үздік шұбат» номинациясының жеңімпазы үш жақты бағалау қорытындысы бойынша анықталды: халықтық дауыс беру – 20%, зертханалық сараптама – 40%, ал кәсіби жюри бағасы – 40%.