Otpan News Logo

Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау тұрғындарының өтініштері бойынша нақты шешімдер қабылдауды тапсырды

|
09.09.2026 18:27
Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау тұрғындарының өтініштері бойынша нақты шешімдер қабылдауды тапсырды

Бүгін, 9 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке қабылдады, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қабылдауға келген азаматтар баспана, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, жер қатынастары, білім беру және басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.


Әрбір өтініш бойынша облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдар мен қала, аудан әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берді. Оларға тұрғындардың мәселелерін жан-жақты зерделеп, заңнама талаптарына сәйкес қажетті шараларды қабылдау, сондай-ақ азаматтарға қабылданған шешімдер мен оның нәтижелері туралы уақтылы ақпарат беру тапсырылды.


«Әрбір азаматтың өтініші мұқият әрі объективті қарауды талап етеді. Құрғақ жауаппен шектелмей, мәселенің мән-жайын жан-жақты зерделеп, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және қажетті шараларды қабылдау маңызды», – деді Нұрдәулет Қилыбай.


Азаматтарды жеке қабылдау – халықпен тікелей байланыс орнатудың маңызды тетіктерінің бірі. Тұрақты түрде өткізілетін қабылдаулар тұрғындардың мәселелерін тікелей тыңдап, нақты жағдайларды зерделеуге және оларды шешудің тиімді жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.

107
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!