Отбасында қиындық туындаса, Маңғыстау тұрғындары қайда жүгіне алады?
Отбасында жанжал туындап, әлеуметтік немесе психологиялық көмек қажет болса, Маңғыстау тұрғындары Отбасын қолдау орталықтарына жүгіне алады. Қазір облыстың қалалары мен аудандарында осындай 7 орталық жұмыс істейді. Мұнда көмек тегін көрсетіледі, деп хабарлайды otpannews.kz.
Орталық мамандары отбасындағы жанжал, ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, әлеуметтік қиындықтар және некеге дайындық мәселелері бойынша кеңес береді. Сонымен қатар әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі.
Мысалы, әлеуметтік көмек рәсімдеу, құжаттарды реттеу, алимент өндіру немесе психологиялық қолдау қажет болған жағдайда тұрғындар орталық мамандарына хабарласа алады. Егер мәселені басқа мекеме шешуі керек болса, мамандар тиісті ұйымға бағыттап, одан кейінгі әрекеттерді түсіндіреді.
Отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтарға да кешенді көмек көрсетіледі. Қажет болған жағдайда құқықтық және психологиялық кеңес беріліп, медициналық көмек алуға, сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесін шешуге жәрдемдеседі.
Зорлық-зомбылық жағдайында қауіпсіздік мәселесі де ескеріледі. Қажет болса, зардап шеккен адамға уақытша паналау орны ұсынылады және тиісті ұйымдарға жолдама беріледі.
Маңғыстаудағы Отбасын қолдау орталықтарының байланыстары:
Ақтау қаласы
Мекенжайы: 29-шағынаудан, 24-үй
Тел.: 8 771 109 20 00
Түпқараған ауданы
Мекенжайы: Форт-Шевченко қаласы, О. Бозақаров көшесі, 42
Тел.: 8 701 669 96 63
Қарақия ауданы
Мекенжайы: Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, 5
Тел.: 8 701 459 03 36, 8 708 326 96 82, 8 778 385 02 26
Маңғыстау ауданы
Мекенжайы: Шетпе ауылы, Құрылысшы көшесі, 39/13 («Бекен» БО)
Тел.: 8 778 509 08 49, 8 700 260 62 46
Жаңаөзен қаласы
Мекенжайы: Шаңырақ шағынауданы, 48/1
Тел.: 8 700 118 71 01
Бейнеу ауданы
Мекенжайы: Бейнеу ауылы, Қарағайлы көшесі, 90
Тел.: 8 777 218 41 99
Мұнайлы ауданы
Мекенжайы: Маңғыстау ауылы, 14-орам, 9/2
Тел.: 8 707 115 04 64