Otpan News Logo

Ақтауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

|
11.09.2026 14:37
Ақтауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен, облыстық «Маңғыстау» телеарнасының бастамасымен «Өз диқаныңды қолда» атты жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жәрмеңкеде облыстың әр өңірінен келген шаруа қожалықтары өнімдерін ұсынады.


– Жергілікті өнімдерді қолайлы бағада халыққа ұсыну үшін 19-шағынауданнан арнайы орын белгіленді. Бүгінде кәсіпкерлер тұрғындарға өз өнімдерін ұсынып, сауда жасауда. Қала тұрғындары мен қонақтарын өнімдерді сатып алып, жергілікті шаруаларды қолдауға шақырамын, – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Зухра Бермағанбетова.


Айта кетейік, жәрмеңке әр аптаның жұма күні сағат 09:00-ден бастап өткізіледі. Іс-шара 1-қазанға дейін жалғасады.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!