Otpan News Logo

Маңғыстауда Шайыр ауылының 100 жылдық мерейтойы тойланып жатыр

Маңғыстауда Шайыр ауылының 100 жылдық мерейтойы тойланып жатыр

Маңғыстау облысындағы Шайыр ауылы бір ғасырлық мерейтойын тойлап жатыр. Осыған орай елді мекенде екі күнге созылатын ауқымды мерекелік бағдарлама басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Думанды шарада бір мезетте 100 әйел ұршық иіріп, мерекенің сәнін кіргізді.


Мерейтой аясында бірқатар маңызды мәдени әрі спорттық шаралар жоспарланған. Сондай-ақ елді мекендегі орталық аллеяның салтанатты ашылуы өтіп, арнайы дайындалған «Шайыр» энциклопедиясының тұсауы кесіледі. Мерекелік бағдарлама республикалық ақындар айтысына және сазды концертке ұласады.


Ұлттық дәстүрді ұлықтаған думан барысында ат спорты түрлерінен сайыстар өтіп, аламан, құнан, ошақ бәйгелері мен атан жарысы ұйымдастырылады.


12 қыркүйек:

  • 09:00 – тай бәйге;
  • 09:30 – аламан бәйге;
  • 10:30 – орталық аллеяның ашылуы, «Шайыр» энциклопедиясының тұсаукесері;
  • 11:00 – мерекелік концерт;
  • 12:00 – мерекелік дастархан;
  • 13:30 – ұлттық спорт сайыстары және 100 метрге жүгіру;
  • 15:00 – марапаттау рәсімі және мерекенің қорытындысы.


66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!