Otpan News Logo

Шетелдіктер Амал мерекесін тойлау үшін арнайы келді

Шетелдіктер Амал мерекесін тойлау үшін арнайы келді

Амал мерекесін тойлауға «Отпантау» тарихи-мәдени кешеніне мыңдаған халық жиналды. Отпантаудың баурайына 40-қа жуық киіз үй тігіліп, жиналған жұрт бірін-бірі қыстан аман шығуымен құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Халықаралық деңгейде тойланып жатқан мерекеге Түркия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан мен Әзербайжаннан қонақтар арнайы келген. Түркиялық Энес Ал Амал мерекесін көру үшін Ыстамбұлдан ат басын бұрғанын айтады.


- Қазақстанға алғаш рет Амал мерекесін көру үшін Ыстамбұлдан арнайы келдім. Маған мұндағы мерекелік көңіл күй, фестиваль ұнады, барлығы керемет. Мен мұнда өзімді туған жерімде жүргендей сезініп тұрмын. Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Маған бұл мереке қатты ұнады. Келесі жылы да Амал мерекесіне келуді жоспарлап отырмын, -дейді Түркия Республикасының азаматы Энес Ал.



Жиылған жұрт аналардың өнер байқауын тамашалады. Сайыста халық әндері шырқалып, қазақтың салт-дәстүрі дәріптелді. Қолөнер шеберлері әзірлеген киім-кешек, кәдесый, тұрмыстық бұйымдар көрме-жәрмеңкеге қойылды.


- Биыл Амал тойына 15 мыңдай халық жиналады деп жоспарлап отырмыз. Ертең аламан бәйге, топ бәйге, құнан жарыс өтеді. Бас жүлдеге көлік тігіп жатырмыз. Көлемі 50*30метр еліміздің байрағын жаямыз. Ал «Бірлік отын» бүкіл Қазақстанға дәріптеуге ынталанып жатырмыз – дейді Тәзіке ата ұрпағы, ұйымдастырушы Қайрат Шапатов.
53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!