"Өзенмұнайгаз" Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасының қызметкерлері референдумға барады
Жаңаөзен қалалық коалициясының өкілдері "Өзенмұнайгаз" АҚ Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасының жұмысшыларын Конституциялық референдум күні дауыс беруге шақырды.
Коалиция өкілдері Исенбай Қалдаманов, Темір Мусаев, Бердіғали Берекетов әрбір азаматтың қолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, тәуелсіздікті нығайтуға қосатын үлесі екендігін түсіндірді. Сонымен қатар қоғамдық-саяси реформалар жүргізудің басты мақсаты азаматтардың құқығын қорғау, өмір сапасын жақсарту екендігін атап өтті.
#референдум2026
#жаңаКонституция
64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев