Амал мерекесі: «Ана жүрегі – мейірім мекені» атты аналар фестивалі өтті
13 наурыз күні «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Ана жүрегі – мейірім мекені» атты аналар фестивалі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Фестивальге облыстың әр өңірінен келген ақ жаулықты аналардан құралған 10 ансамбль қатысып, өнер көрсетті. Аналар халық әндерін шырқап, сахналық көріністер қойды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, ана мен әже өнегесін насихаттау, сондай-ақ ұрпақ сабақтастығын нығайтып, халық әндерін кеңінен таныту.
Фестивальге қатысушылардың қатарында Бостан ауылдық мәдениет үйінің «Асыл әжелер» ансамблі бар. Ұжым жетекшісі Қырмызы Қожахметова ансамбльдің шығармашылығын атап өтіп, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
- Біздің «Асыл әжелер» ансамблі халық әндерін орындап, ұлттық өнерді насихаттап келеді. Ұжымымыз 9 әжеден құралған. Репертуарымызда бірнеше халық әні бар. Бүгінгі фестивальде «Ақтамақ» халық әнін және Маңғыстау өңірінің жергілікті композиторының «Маңғыстау» әнін орындадық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын. Ақ мол болып, деніміз сау болсын, - деді Қырмызы Қожахметова.
64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев