Otpan News Logo

Қазақстанда Digital Nauryz онлайн-платформасы іске қосылды

|
13.03.2026 14:55
Қазақстанда Digital Nauryz онлайн-платформасы іске қосылды

Наурыз мерекесі қарсаңында еліміздің жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Digital Nauryz атты онлайн-платформаны іске қосты. Бұл платформа еліміздің барлық өңірлеріндегі мерекелік іс-шаралар туралы ақпаратты біріктіреді, деп хабарлайды otpannews.kz.


2026 жыл Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланған. Осыған байланысты Digital Nauryz платформасының іске қосылуы елдегі технологиялық өзгерістер мен цифрлық трансформацияның бір белгісі болмақ.

 

Платформа GOV.KZ мемлекеттік порталы негізінде әзірленген. Ол 14-23 наурыз аралығында жұмыс істеп, мерекелік іс-шаралардың анонстарын, жаңалықтарын және тікелей эфирлерін бір цифрлық кеңістікте біріктіреді.

 

Сайтта Қазақстанның барлық облыстары бойынша өңірлік бөлімдер ұсынылған. Соның арқасында пайдаланушылар нақты қала мен аймақта өтетін іс-шаралар туралы ақпарат алып, қорытынды материалдармен таныса алады, сондай-ақ онлайн-трансляциялар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға өте алады.

 

Платформа бірнеше тілде қолданылады және жасанды интеллект негізіндегі аударма функциясымен жабдықталған. Бұл ақпараттың барынша кең аудиторияға қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

 

Жобаның іске қосылуы Наурыз мерекесін атап өтудің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастырып, көктемгі жаңару дәстүрлерін заманауи технологиялармен ұштастырады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында Digital Nauryz платформасына апаратын бірыңғай баннер орналастырылған.

98
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!