Otpan News Logo

Ақтаудан «Отпан тау» кешеніне баратын автобустар жолға шықты

|
13.03.2026 12:17
Ақтаудан «Отпан тау» кешеніне баратын автобустар жолға шықты

Ақтау тұрғындары Амал мерекесін тойлауға «Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне жолға шықты. Қаладан шыққан 5 автобуста 200-ден астам жолаушы бар, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қоғамдық көліктер Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан қатынайды. Жол жүру уақыты - 2 сағат.


Бүгін автобустар сағат 12:00-де “Grand Nur Plaza” қонақ үйінің алдынан жол жүрді. Автобустар «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінен сағат 22:00-де кері қайтады. 


Ал ертең, 14 наурыз күні 29А шағын аудан «Grand Nur Plaza» қонақ үйінің алдындағы автотұрақтан сағат 8:00-де жолға шығады. Көлік сағат 16:00-де қалаға қайтады.

104
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!