Ресейлік турист: “Бекет атаға келіп, қасиетті рух сезіндік”
Ресейден келген турист Елена Воротникова Маңғыстаудың көрікті жерлерін аралап жүр. Солардың бірі – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген – Бекет ата жерасты мешіті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Ижевск қаласынан келген Елена Қазақстанға екінші рет келген. Оның айтуынша, Маңғыстау – пейзажы ерекше, табиғаты тылсым орын.
«Біз Маңғыстаудың ең қызықты әрі көрікті жерлерінің тізмін қарап шықтық. Соның ішінде Бекет ата да болды. Сипаттамасы қызықты болып көрінгендіктен, мұнда міндетті түрде барамыз дедік. Бұл жерге дейінгі жол өте қызықты болды, айналамызды әсем табиғат аясы қоршады. Осындай ұзақ жол үстінде қасиетті бір рухты, дәл бір қажылық жасап жатқандай әсерді сезінесің. Күйеуім екеуміз христиан дінін ұстансақ та, Бекет атаны шынымен де күш-қуат беретін орын деп атауға болады деп ойлаймын»,- деді турист.
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының мәліметіне сәйкес, мұнда үш айдың ішінде 1100-ден астам адам ресми тіркеліп келген. Одардың ішінде 75 шетел азаматы бар.
94
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев