Otpan News Logo

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

|
11.08.2026 16:49
Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді


Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі


12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді. Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі.


🔷«Әділет» партиясы - Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;

🔷ЖСДП - Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;

🔷«Байтақ» партиясы - Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;

🔷Қазақстан Халық партиясы - Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;

🔷«Ауыл» партиясы - Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;

🔷«Ақ жол» партиясы - Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;

🔷Respublica партиясы - Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.


Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.


Көрермен назарына:

• сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;

• тікелей эфирде келіп түскен ең өткірсұрақтарға жауаптар;

• дебатқа қатысушылардың пікірі бойыншасайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;

• партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.


Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.


Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.


Алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көріңіздер.



74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!