Otpan News Logo

Бейбіт Жұқаев Астанадағы ATP Challenger 50 турнирін сәтті бастады

|
12.08.2026 11:03
Бейбіт Жұқаев Астанадағы ATP Challenger 50 турнирін сәтті бастады
Фото: ҚТФ

Астанада дәстүрлі «Президент Кубогы» аясында өтіп жатқан ATP Challenger 50 санатындағы халықаралық турнирдің негізгі кезеңі басталды. Аталған сында Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев жарысты сәтті жалғастырып жатыр, деп жазады otpannews.kz.


Жарыс Ұлттық теннис орталығы Beeline Arena корттарында өтуде. Бірінші айналымның басты кездесулерінің бірінде Қазақстанның екі өкілі - ұйымдастырушылардан wild card алған Әмір Омарханов пен жарақатына байланысты ұзақ үзілістен кейін жарыстарға қайта оралған Бейбіт Жұқаев өзара кездескен болатын.


1 сағат 25 минутқа созылған матч Жұқаевтың екі сеттегі жеңісімен аяқталды - 6:4, 6:4. Кездесу барысында Бейбіт бес эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Омарханов төрт рет допты ойынға тікелей ұпаймен қосып, тоғыз қос қателік жіберді және төрт брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды.


Екінші айналымда Жұқаев ATP рейтингінде 299-орында тұрған Түркия өкілі Мерт Алкаямен кездеседі. Матч 12 тамызда өтеді.


Айта кететін жайт, Астанадағы ATP Challenger 50 турнирі 16 тамызға дейін жалғасады. 


114
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!