Отпан тау тарихи-мәдени кешеніне баратын жаңа жол салынады
Маңғыстау облысындағы ерекше нысандардың бірі – Отпан тау кешеніне баратын инфрақұрылым жаңартылмақ. Пайдалануға берілгеніне 20 жылға жуықтаған тарихи-архитектуралық кешенге көтерілетін жаңа жолдың ұзындығы – 4,9 шақырым болады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында кешен аумағында 5 автотұрақ салу көзделіп отыр. Атап айтқанда: негізгі жолдан кешенге баратын бұрылыс жолда, спорт алаңы мен «Қарашаңырақ» маңында және тау басындағы кесене орналасқан аумақта автотұрақ болады.
Қазіргі таңда жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Жаңа инфрақұрылым өңірдің туристік әлеуетін арттырып, зиярат етушілер мен туристер үшін жайлы орта қалыптастырмақ.