Otpan News Logo

Олжас Бектенов әкімдіктер мен Туризм министрлігіне тапсырма берді

|
06.01.2026 12:44
Олжас Бектенов әкімдіктер мен Туризм министрлігіне тапсырма берді
ҚР Үкіметі

Үкімет отырысында Премьер-министр салалық ведомстволар алдына Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша міндеттер қойды, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.


Президент атап өткендей, туризм саласы экономиканың бірнеше секторын қамтиды, сондықтан барлық тиісті мемлекеттік орган мен әкімдіктің жұмысын үйлестіру қажет. Бұл ретте, әр өңірде өзінің туризмді дамыту бағдарламалары бар, — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге бір ай мерзімде нақты іс-шаралар жоспарын ұсына отырып, 2029 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасын толықтырып, түзетуі қажет. Оған қосымша Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, туризм саласындағы кадрлық мәселелерді шешу үшін қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!