Otpan News Logo

Құрылтай сайлауы: ОСК дауыс беру қорытындысын жариялады

|
25.08.2026 14:43
Құрылтай сайлауы: ОСК дауыс беру қорытындысын жариялады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлау қорытындысы бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Дауыс беру нәтижесіне сәйкес, көш бастап тұрған партиялар:

  • «Әділет» – 71,17% дауыс;
  • «Ауыл» – 6,26%;
  • «Respublica» – 5,56%;
  • «Ақ жол» – 5,21%;
  • ОСДП – 5,11%.

Қалған екі партия 5 пайыздық межеден төмен нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстанның халық партиясы – 3,11%, ал «Байтақ» партиясы – 1,07% дауыс жинады.


Сондай-ақ сайлаушылардың 2,51 пайызы «барлығына қарсы» дауыс берген.

64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!