Otpan News Logo

Маңғыстаулық экобелсенді қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырады

|
10.09.2026 09:33
Маңғыстаулық экобелсенді қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырады

Маңғыстау облысында «Таза Маңғыстау» экочелленджі аясында тұрғындар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысып келеді. Солардың бірі – экобелсенді Венера Жүзбаева. Ол 15 шілдеде басталған экочелленджге қатысып, осы уақытқа дейін 30-дан астам тапсырма орындаған, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Венера Жүзбаева былтыр «Эко Маңғыстау» ұйымдастырған фотобайқауға қатысып, жүлделі орындардың бірін иеленген. Биыл да осы шараға қатысып жатыр.


Экобелсенді қалдықтарды күнделікті өмірінде түрлеріне қарай сұрыптайды. Ауласындағы пластик пен қаңылтырды бөлек жинаса, жұмыс барысында жиналатын картон, қағаз және басқа да қалдықтарды қайта өңдеуге тапсырады. Осы уақытқа дейін шамамен 50-60 келі картон мен қағазды «Эко Waste» компаниясына өткізген.


-Қалдықтарды сұрыптау – күнделікті өмірімдегі әдеттердің біріне айналды. Пластикті пластикке, қаңылтырды қаңылтырға бөлемін. Жұмысымнан шығатын картон мен қағазды да бөлек жинап, қайта өңдеуге тапсырамын. Қарапайым ғана әрекеттің өзі табиғатқа үлкен үлес қоса алады деп ойлаймын, - деді Венера Жүзбаева.


Сонымен қатар ол Каспий теңізінің жағалауындағы тазалық жұмыстарына да қатысады. Алдағы уақытта өз командасын құрып, экологиялық акцияларға бірлесіп қатысуды жоспарлап отыр.


Экобелсенді табиғатты қорғау әр адамның күнделікті әдетінен басталатынын атап өтті. Оның пікірінше, қоқысты тиісті орынға тастау, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеуге өткізу сияқты қарапайым қадамдар тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.


«Таза Маңғыстау» экочелленджі 12 қазанға дейін жалғасады. Бастамаға қатысушылар экологиялық тапсырмаларды орындау арқылы өңірдің тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуда.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!