Otpan News Logo

Ақтауда полицейлер заңсыз сақталған электронды темекі мен снюс тәркіледі

Ақтауда полицейлер заңсыз сақталған электронды темекі мен снюс тәркіледі

Ақтауда криминалдық полиция қызметкерлері электронды темекі мен снюс сақталған көлік пен гаражды анықтады. Тексеру барысында барлығы 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіленді, деп хабарлайды otpannews.kz.


3 қыркүйек күні полицейлер 28А шағын ауданында Changan маркалы автокөлікті тоқтатып, тексерген. Көліктен 64 дана WAKA электронды темекісі табылған.


Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қаланың өнеркәсіптік аймағындағы гараждардың біріне тінту жүргізген. Нәтижесінде тағы 151 электронды темекі мен 31 қаптама снюс анықталды.


Қазір бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай Қазақстан заңнамасына сәйкес тиісті процестік шешім қабылданады. Полиция департаменті тыйым салынған өнімдерді заңсыз сақтағаны және айналымға шығарғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, - деді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.
12
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!