Otpan News Logo

Мұнайлы ауданындағы №204 учаскеде сайлау штаттық режимде өтіп жатыр

|
23.08.2026 10:31
Мұнайлы ауданындағы №204 учаскеде сайлау штаттық режимде өтіп жатыр

Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округіндегі №204 сайлау учаскесінде дауыс беру заңнама талаптарына сәйкес өтіп жатыр.


№204 сайлау учаскесінің төрағасы Нұржамал Жәңгірханқызы учаске жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп, дауыс берушілердің өз таңдауын еркін жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілгенін атап өтті.


- Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. Учаске жұмысы белгіленген тәртіппен жүріп жатыр. Дауыс берушілерге қажетті жағдайлар жасалып, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілген. Азаматтардың дауыс беруге деген ниеті жоғары деңгейде екенін көріп отырмыз, – деді Нұржамал Жәңгірханқызы.


Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасып жатыр.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!