Otpan News Logo

Джеки Чан түсірген фильмге қатысқан полиглот сайлауда дауыс берді

|
23.08.2026 12:22
Джеки Чан түсірген фильмге қатысқан полиглот сайлауда дауыс берді

Құрылтай депутаттарын сайлау барысында полиглот Ерсұлтан Ислам №24 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Ол сайлауға қатысуды әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам деп санайды.


Полиглот сайлауға алғаш рет қатысып отырғанын айтып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерден шет қалмай, ел дамуына өз үлесін қосуы маңызды екенін атап өтті.

– «Құрылтай» атауының өзі маған ерекше ұнайды. Бұл – тамыры тереңде жатқан, ұлттық болмысымызды айқындайтын атау. Әр тілдің өзіндік әуезі мен ерекшелігі бар, сондықтан қазақы атаулардың көбірек қолданылуы халқымыздың тарихи санасына рух береді деп ойлаймын. Бұған дейін саяси науқандарға қатысып көрмеген едім. Бүгін сайлауға келіп, азаматтық борышымды атқардым. Әртүрлі тілдер мен мәдениеттерді меңгере отырып, адамзатқа қосатын ең басты үлесіміздің бірі – қазақ болуымыз екенін түсіндім, – деді ол.
58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!