Otpan News Logo

Қазақстан барысы Жантілек Нұртілепұлы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді

Қазақстан барысы Жантілек Нұртілепұлы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді

«Қазақстан барысы – 2026» республикалық турнирінің жеңімпазы, дзюдодан +100 келі салмақтағы ұлттық құрама мүшесі Жантілек Нұртілепұлы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.


Маңғыстаулық спортшы ел үшін маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.


«Құрылтай депутаттарының сайлауы еліміз үшін маңызды әрі тарихи кезең деп ойлаймын. Осы сәтте мен де дауыс беруге келдім. Баршаны белсенді дауыс беруге шақырамын», – деді Жантілек Нұртілепұлы.


Қазір балуан Орал қаласында өтетін дзюдодан ел чемпионатына тыңғылықты дайындалып жатыр. Ұлттық құрама мүшесі үшін бұл жарыс маңызды кезеңдердің бірі болмақ.


Ел біріншілігінен кейін Жантілек Нұртілепұлы Венгрияда өтетін Grand Slam халықаралық турниріне қатысады. Спортшының аталған жарыстағы нәтижесіне қарай, алдағы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі қарастырылады.


Айта кетейік, жуырда ғана Жантілек Нұртілепұлы Маңғыстау облысының тарихында алғаш рет «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған болатын.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!