Otpan News Logo

Ақтауда дауыс беруге келген тұрғындар ұлттық ойындар ойнап, суретке түсті

|
23.08.2026 10:27
Ақтауда дауыс беруге келген тұрғындар ұлттық ойындар ойнап, суретке түсті

Дауыс беруге келген тұрғындарға арнайы суретке түсуге арналған фотозона жасалған. Ақтаулықтар фоторамкамен селфи жасап, өз таңдауларын жасап жатыр. 


Ақтауда Құрылтай депутаттарының сайлауы тұрғындардың белсенділігімен қатар, көтеріңкі көңіл-күймен өтіп жатыр. Өңірдегі бірқатар сайлау учаске маңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тұрғындарға жергілікті өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасалған,деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Жәрмеңкеде ет пен сүт өнімдері және бал секілді өзге де азық-түлік түрлерін табуға болады. Сондай-ақ қолөнер шеберлерінің бұйымдары, түрлі магниттер мен тоқыма ойыншықтар да сатылымға қойылды.


Дауыс беру нүктелерінде бұдан бөлек ұлттық ойын түрлері ұйымдастырылды. Сайлаушылар асық атып, ләңгі тебуде. 

 

Сайлау учаскелерінде тұрғындар үшін арнайы фотозоналар да әзірленген. Бұл өз кезегінде маңызды қоғамдық күннің мазмұнын мерекелік көңіл-күймен әрлейді.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!