Құрылтай сайлауы күні Бейнеу ауданында азық-түлік жәрмеңкелері мен спорттық сайыстар ұйымдастырылуда
23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні Бейнеу ауданында тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және сайлау күнін мазмұнды өткізуге бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аудан көлемінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында азық-түлік жәрмеңкелері өткізіліп, әлеуметтік маңызы бар өнімдер қолжетімді бағамен ұсынылуда. Жәрмеңкеге жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары қатысып, тұрғындарға күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларын тиімді бағамен алуға мүмкіндік беруде.
Сонымен қатар, сайлау күніне орай ауданның елді мекендерінде спорттық сайыстар мен бұқаралық спорттық шаралар өтуде. Жарыстарға түрлі жастағы тұрғындар қатысып, спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынауда. Спорттық іс-шаралар тұрғындардың белсенді өмір салтын насихаттап, аудан тұрғындарының басын біріктіріп, көтеріңкі көңіл күй қалыптастыруға ықпал етуде.
Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға. Осыған орай Бейнеу ауданында сайлау барысымен қатар, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мәдени, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар да кеңінен қамтылуда.
Аудан тұрғындары сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасаумен қатар, жәрмеңкелер мен спорттық шараларға белсенді қатысуда.