Otpan News Logo

Денсаулық сақтау саласының ардагері Роза Баданова Құрылтай сайлауында дауыс берді

|
23.08.2026 10:34
Денсаулық сақтау саласының ардагері Роза Баданова Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін, 23 тамыз күні Сайын Шапағатов ауылдық округінде өткен Құрылтай сайлауында денсаулық сақтау саласының ардагері, жоғары санатты акушер-гинеколог, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Роза Баданова №233 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.


Роза Әбілқайырқызы – саналы ғұмырын ана мен бала денсаулығын қорғауға арнаған білікті маман. Ол еңбек жолында талай анаға перзент сүю бақытына жол ашып, көптеген сәбидің дүниеге келуіне себепкер болды. Бүгінде де өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп келеді.


- «Құрылтай сайлауы – елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын жауапты кезең. Әр азамат өз таңдауын жасап, ел өміріне белсенді араласуы керек деп есептеймін. Бүгін өзіме тиесілі сайлау учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымымды білдіріп, дауыс бердім. Еліміздің ертеңі жарқын, халқымыздың бірлігі бекем болсын деп тілеймін», – дейді Роза Баданова.


Ақ халатты абзал жанның көп жылғы еңбегі, ана мен бала денсаулығына қосқан үлесі және кейінгі буынға беріп жүрген өнегесі – ауыл тұрғындары үшін қашанда құрметке лайық.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!