Otpan News Logo

Мұнай саласы кәсіподағының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды және референдумға барады

|
18.02.2026 13:51
Мұнай саласы кәсіподағының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды және референдумға барады

Кәсіподақ мүшелеріне арналған жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметіне сай, кездесуге коалиция мүшелері – Мақсат Ырзаханов, Орынбасар Тоғжанов, Серік Бекбергенов, Марияш Нуранова, сондай-ақ Аят Сүгірбай мен Сабина Бейсембаева қатысты.


Жиын барысында ел жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланып, оның қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді.


«Бұл кездесудің басты мақсаты кәсіподақ мүшелеріне жаңа Конституцияны түсіндіру. Конституциялық өзгерістер кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауға, олардың әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға үлкен ықпал етеді», - Мақсат Ырзаханов.


Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары, заң үстемдігін нығайту, әділетті қоғам қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер мен азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

604
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!