Otpan News Logo

Маңғыстаулық Сурдлимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер сыйлап, ат мінгізді

Маңғыстаулық Сурдлимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер сыйлап, ат мінгізді

Дзюдодан ересектер арасында Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы, жерлесіміз Хамза Ғұлама Ғафурұлына арналған салтанатты құттықтау шарасы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Салтанатты жиында облыс әкімінің құттықтауын Тілек Жеткізгенұлы жеткізді. Өңір басшылығы спортшының халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, тарихи жетістікке қол жеткізгенін атап өтті.


Облыс әкімінің атынан және меценаттардың қолдауымен чемпионға 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Сонымен қатар қазақы дәстүрге сай ат мінгізіп, ерекше құрмет көрсетті.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!