Главная | Маңғыстау жаңалықтары
«Таза Қазақстан»: Ақтауда мәслихат төрағалары ағаш отырғызды
Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің бірқатар өңірінен келген қалалық мәслихат төрағалары мен депутаттардың қатысуымен көгалдандыру шарасы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Өңірлік мәслихаттар арасындағы тәжірибе алмасуға арналған бағдарлама шеңберінде ұйымдастырылған шарада 12-шағынаудандағы Ту тұғыры алаңында 30 түп үйеңкі (клен) ағашы отырғызылды.
Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы Ибадулла Құттықожаев табиғатты қорғау мен жасыл желекті көбейту ісіне ортақ үлес қосудың маңызын атап өтті.
Қазақта «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген даналық сөз бар. Біздің мақсат – туған елдің көркеюіне, табиғи келбетінің жаңаруына үлес қосу. Ақтауда ұйымдастырылған игі бастамаға қатысып, өз қолымызбен ағаш отырғызу – келер ұрпаққа жасалған қамқорлықтың бір көрінісі. Бұл бастаманы қолға алған азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз, – деді Ибадулла Құттықожаев.
9
Басты жаңалықтар
Танымал
22.11.2025 15:25
22.11.2025 12:11
22.11.2025 10:20
22.11.2025 10:10
21.11.2025 18:55
21.11.2025 17:47
21.11.2025 17:42
21.11.2025 17:36
21.11.2025 17:33
21.11.2025 17:31
21.11.2025 16:09
21.11.2025 15:32
21.11.2025 15:12
21.11.2025 15:04
21.11.2025 14:45
21.11.2025 14:17
21.11.2025 11:57
21.11.2025 11:54
21.11.2025 11:43
21.11.2025 10:02
16.11.2025 14:31
16.11.2025 14:16
16.11.2025 14:08
16.11.2025 14:14
17.11.2025 12:52
16.11.2025 14:03
16.11.2025 14:11
18.11.2025 15:19
16.11.2025 14:05
19.11.2025 15:26
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев