Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда «Еңбек адамы - елдің байлығы» атты зияткерлік сайыс өтті

Ақтауда «Еңбек адамы - елдің байлығы» атты зияткерлік сайыс өтті

Ақтауда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбек адамы - елдің байлығы» атты quiz зияткерлік сайысы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Интеллектуалдық додаға «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-ның 12 еншілес ұйымының өкілдері қатысты. Қатысушылар эрудицияны, логикалық ойлауды, кәсіби бағдарды және командалық бірлікті талап ететін түрлі тапсырма орындап, білім мен біліктілігін сынады.


Сайыс нәтижесінде «КазНИПИ» командасы бірінші орынды иеленіп, 600 000 теңге көлеміндегі жүлдеге қол жеткізді. Екінші орынға «КазТрансОйл» командасы лайық деп танылып, 400 000 теңге ұтты. Ал үшінші орынды «МаңғыстауМұнайГаз» командасы иеленіп, 200 000 теңге жеңіп алды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, жүлделер жұмысшы мамандықтардың маңызын айқындап, мұнай-газ саласы қызметкерлерін кәсіби шеберлікті дамытуға ынталандыру мақсатында белгіленген.


Маңғыстау облысы үшін жұмысшы мамандықтар – өнеркәсіп, мұнай-газ, энергетика және инфрақұрылым салаларын дамытудың негізгі күші. Сондықтан мұндай жобалар еңбек адамының мәртебесін көтеріп, өңірдің адами әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосады, – деді «Эко Маңғыстау» ҚМҰ ұйымдастырушылары.
115
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!