Маңғыстаулық балуан Диас Жолдыбаев қазақ күресінен ел чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
Шымкент қаласында 23-26 қараша күндері өткен ересектер арасындағы қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында Маңғыстау облыстық мамандандырылған БЖСМ спортшысы Диас Жолдыбаев 55 кг салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жарыс барысында маңғыстаулық спортшы жамбылдық Н. Исахановты, павлодарлық Д. Киякбаевты, қызылордалық Ш. Бауыржанұлын қатарынан жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Ақтық сынға шығуға жолдама беретін белдесуде түркістандық Р. Тугушевке есе жібергенімен, шешуші қола медаль үшін өткен кездесуде қостанайлық тәжірибелі балуан Ә. Мұханбетжановты таза ұпаймен жеңді.
Айта кетейік, Диас Жолдыбаев 2022 жылғы дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері болған еді.
62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев