Ақтауда колледж студенттері арасындағы бизнес-жобалар байқауының жартылай финалы өтеді
Маңғыстауда колледж студенттері арасында ұйымдастырылған «ТалпынХалық – 2025» өңірлік бизнес-идеялар, жобалар және стартаптар байқауына облыс бойынша 80-ге жуық жоба қабылданды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Байқаудың мақсаты - жастардың инновациялық ойлау қабілетін дамыту, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру, болашақта іске асыру үшін үздік бизнес-идеялар мен стартаптардың деректер базасын құру. Сондай-ақ студенттік бизнесті бастау орталықтарының озық тәжірибесін насихаттау.
Жалпы байқауға 77 өтінімнің ішінен 43 жоба жартылай финалға өтті. Осы командалар үшін кәсіби бизнес-менторлар арнайы тренинг өткізді. Тренинг барысында көшбасшылық дағдыларды дамыту, жобаны тиімді қорғау, питчинг жасау, сонымен қатар әр жобаны талдау және жетілдіру бойынша кеңес берілді.
Айта кетейік, байқаудың жартылай финалы 28 қараша күні өтеді. Тәуелсіз сарапшылардан құралған әділқазылар алқасы үздік жобаларды анықтап, финалға 20 команда жолдама алады. Ақтық кезең 19 желтоқсан күні өтеді.
Финалда 2 500 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры ойнатылады.