Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облысында 150 білім беру ұйымы басшыларының орынбасары оқыту семинарынан өтті

|
27.11.2025 16:41
Маңғыстау облысында 150 білім беру ұйымы басшыларының орынбасары оқыту семинарынан өтті

«Mangystau Education Pro» жобасы аясында Маңғыстау облысының білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларына арналған оқыту семинары өткізілді. Шара 2025 жылдың 12, 14 және 18 қараша күндері үш топ бойынша ұйымдастырылып, жалпы 150 қатысушы қамтылды.


Семинарда оқу-тәрбие процесін басқарудың заманауи тәсілдері, әдістемелік жұмысты жүйелеу, сапа мониторингін жоспарлау және мектепішілік менеджментті жетілдіру мәселелері қарастырылды. Қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар орындап, кәсіби тәжірибе алмасу алаңында жұмыс жасады.


Оқыту семинарын «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы жүргізді. Тренер семинар бағдарламасын мазмұнды әрі нәтижеге бағытталған форматта ұйымдастырды.


Семинар қорытындысында қатысушылар басқарудағы тиімді тәсілдерді меңгеріп, өз ұйымдарында сапаны арттыруға бағытталған практикалық модельдерді қолдануға дайын екендерін білдірді.

28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!